Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен А.Пушкин атындағы әмбебап кітапханасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық-насихаттық тобының мүшесі, белгілі исламтанушы Ғазиз Ахметов «Жастардың діни сауаттылығы – қазіргі заман талабы» тақырыбында қала жастарымен рухани кездесу өткізді.
Шараның мақсаты – қала жастарын кереғар діни ағымдардан сақтау, жастардың бойына дәстүрлі Ислам құндылықтарын сіңіре отырып, рухани танымын өсіру және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.
Кездесуде Ғ.Ахметов жастарға діни ақпараттарды алуда барынша сақ болуға шақырып, тек қана дін мамандарына, ресми дереккөздерге жүгіну қажеттілігін түсіндірді. Діни білім алу үшін елімізде барлық жағдайлар қарастырылғанын айта келе, отандық діни оқу орындарында білім алудың артықшылықтары мен маңыздылығына тоқталды.
Кездесу барысында жат діни ағымдардың қоғамға қауіпті екенін сездіретін және олардан сақтануға үндейтін арнайы дайындалған видеороликтер көрсетілді.
Шара соңында жастар дінге қатысты толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, Ғ.Ахметов тарапынан тиісті жауаптарын алды.
Аталмыш шараға Шымкент қаласының дін істері басқармасының басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Байқонақов Ербол Сүлейменұлы, сонымен қатар 100-ге жуық қала жастары қатысты.