Абай ауданы Ғалым Абдусаттар Сманов мешіті әйелдер бөлімінде «Имани жаз-2024» жазғы ДСАК шәкірттерінің ұйымдастыруымен қорытынды кеш өтті.
Екі ай бойы өткізілген жаздық курста қыздарымыз Құран әліппесін оқып үйреніп, қысқа сүрелер жаттап, мұсылманның 32 парызын үйренді және де қыз баланың әдебі жайлы насихаттар өткізілді. Алла Тағаланың көркем есімін жаттап, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ә. у) өмірбаянымен танысты.
Жалпы 75 қыз сабақтарға соңына дейін аяқтап, 45 шәкірт Құранға түсті. Қорытынды кеште қыздарымызға Құран Кәрім жайлы, Пайғамбарымыздың (Аллаһтың Оған игілігі мен сәлемі болсын)өмрінен сұрақ-жауап қойылып, қыздарымыз иләһи әндер айтып, ғибратты қойылымдар көрсетті. Сонымен қатар Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізліп, барлық қыздарға сый-сыяпаттар тарту етілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38