ҚМДБ тарапынан бекітілген бес бағыттың бірі – «Діни оқу-ағарту» бағыты. Осы бағытқа сәйкес Шымкент қаласы мешіттерінде соның ішінде Әлфараби ауданы «Д.Шыңғысбай қажы» мешітінде «Имани жаз – 2024» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастап, бір ай бойы жалғасқан сауат ашу курсына келген балаларға «Құран әліппесі» «Имандылық әліппесі» «Тәрбие дәрістері» оқытылып аяқталды.
Бүгін аталмыш курсқа қатысқан барлық балаларды ата аналармен қосып шақыртып, үздік болған шәкірттерге бағалы силықтар беріп, жалпы дәріс алған балалардың баршасына сертификат пен силықтар берілді.
Іс шарада бас имам Ерман Жақсыбайұлы рухани дәрістерге балаларын оқытқан ата аналарға алғысын айтып, рухани білімнің, тәрбиенің балалардың болашағы үшін өте маңызды екенін тілге тиек етті.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38