Бүгін, 1 маусым халықаралық Балаларды қорғау күніне орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Жастар ісі» секторының ұйытқы болуымен «Қиял әлемі» этнопаркінде «Балаларға базарлық» атты мерекелік шарасы өтті.
Айтулы шараларға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың қолдауымен қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Әли Анарқұлұлы бастаған қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері қалалық «Уақып» қорының және Жастар ісі секторының өкілдері мен ерікті жастар қатысыты.
Қайырымдылық шара барысында «Қиял әлемі» этнопаркіне келген 150-ден астам балалаларға мерекелік көңіл күй сыйлап, түрлі тәттілер, балмұздықтар, ойыншықтар үлестірілді. Сондай-ақ, рухани һәм дәстүріміз жөнінде балалар арасында сұрақ-жауап сайыстары ұйымдастырылды.
Айта кетсек, осындай қайырымдылық шараларға қаржылай қолдау көрсеткен кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі