Бүгін, 1 маусым халықаралық Балаларды қорғау күніне орай, Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйытқы болуымен «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Айтулы шараларға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қалалық «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілдері Ержігіт Мамытұлы, қалалық «Уақып» қорының және Жастар ісі секторының өкілдері мен ерікті жастар қатысыты.
Қайырымдылық шара барысында көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі тіркеуден тұрған 70 отбасының балаларына мерекелік көңіл күй сыйлады. Дәлірек айтқанда, балаларға түрлі тәттілер, балмұздықтар, ойыншықтар және әткеншектер, ойын алаңы орнатылды.
Айта кетсек, осындай қайырымдылық шаралар бірнеше орында өткізілді. Осы игі шараға қолдау білдірген кәсіпкер азаматтарға Алла Тағала разы болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі