Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінде 1- маусым балалар күніне орай өткізілген іс-шара «Әдебі әдемі ханшайым бол » атты қыздар арасында сайыс түрінде өткізілді. Сайыста қыздар аналарымен бірге өнерлерін көрсетіп, алғашқы айналымда сәнді қазақы нақышта киімін көрсетіп шықты. Қыздарға да, аналарына да сира, ғибадат дәрістерінен және халқымыздың дәстүрінен сұрақ-жауап айдары өткізіліп, қатысушылар белсенді қырынан танылды. Келесі айналымдарда сира сабақтарымен байланыстырылып ойындар өткізіліп қыздарды сергіту сәті де болып өтті. Және сайыста қыз баласы болған соң, ертеңгі ана «ас мәзірі» сыны қалып қоймай, қыздарымыз жемістерді үйлесімді турап орналастыруды, қазақы тағамдарды таныстыру жағынан көрсетіп өтті. Айналымдар арасында қыздарға ғибартты слайдтар көрсетіліп, сайыстың қорытындысын әділ қазылары ретінде қатысқан Абдусаттар Сманов мешітінің » Зерделі әжелер » атты әжелер мектебінің мүшелері бағасын беріп номинация атауларын қыздарға белгілеп өтті. Әр қыз ерекше тұсынан танылып, » Ақылды қыз «, » Ибалы қыз «, » Мінсіз ару «, «Өнерлі ару «, » Сүйкімді қыз «, » Әдепті қыз «, » Мейірімді ару «, » Ақылды ару «, » Тәрбиелі қыз «, » Аспаз қыз «, » Сәнқой ару «, » Тапқыр қыз «, » Қылықты қыз «, » Сұлу қыз » , » Пысық қыз «, » Салихалы қыз «, » Көркем мінезді ару » атты номинациялармен аталып өтті. Әжелер әдемі ақ тілектерін жаудырып, қыздар бүгінгі күнді көңілді күймен өткізіп, соңында тәттілер сый тартуы болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі