Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Шымкент қаласы, Тұран ауданы «Атамекен» мешітіне бас имам болып Абдуайт Әли Анарқұлұлы тағайындалды.
Қасиетті жұма намазында жиналған жамағатқа жаңа аудан бас имамын Тұран ауданының бас имамы Батырхан қажы арнайы таныстырды.
Абдуайт Әли Анарқұлұлы бұған дейін Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінде ұстаз, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде найб имам атқарды. Бұған қосымша қалалық «Жастар ісі» секторы қызметін жалғастырады.
«Шымкент» медресе колледжі мен Түркия Республикасы «Хасеки» оқу орынында тәлім алған. Қызметіне сәттілік болсын!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі