Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітіне бас имам болып Қалшабек Ербол Тастанбекұлы тағайындалды.

Қасиетті жұма намазында жиналған жамағатқа жаңа аудан бас имамын Шымкент қаласы бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров арнайы таныстырды.

Қалшабек Ербол Тастанбекұлы бұған дейін Абай аудандық  «Темірші ата» мешітінде найб имам, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде найб имам қызметін атқарған. 

Білімі жоғары, Құранды жаттаған қари. Түркия Республикасы, Ыстамбұл қаласында Құран курсын, 2002-2006 жылдары Шымкент қаласы Халықаралық Қазақ-Араб университетінің  «Тарих және Дінтану» факультетін тәмамдаған. Қызметіне сәттілік болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38