Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйырығымен Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітіне бас имам болып Бекбауов Ерман  Жақсыбайұлы тағайындалды.

Жиналған жамағатқа  жаңа имамды  Әл-Фараби ауданының бас имамы Ахметжан Керімбек арнайы таныстырды.

Ерман  Жақсыбайұлы  бұған дейін  Алматы қаласы, Түрксіб ауданында орналасқан «Әлмерек» мешітінде имам және осы қызметке дейін Шымент қаласы орталық «Halifa  al Nahaiyan Aqmeshit» мешітіне найб қызметін атқарған. 

Білімі жоғары, «Нұр-Мүбәрак Египет Ислам мәдениеті университетінің түлегі. Қызметіне сәттілік болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38