1) Дененiң артқы және алдыңғы зәр жолдарынан басқа қандай да бiр жерiнен шыққан қан, iрiң немесе сарысу айналасына жайылмай бiр тамшыдай ғана болуы.
2) Сырты қабыршақтанған жарадан қан шықпай, қабығының түсiп қалуы.
3) Түкiрiкке не сiңбiрiкке азғантай ғана қан араласуы.
4) Ауыз толмастай құсу.
5) Ауыз толтырып қақырық құсу Әбу Ханифа және имам Мұхаммедтiң көзқарастары бойынша дәреттi бұзбайды. Ал, Әбу Юсуфтың көзқарасы бойынша ауыз толтыратын қақырық дәреттi бұзады.
6) Мұрын, құлақ немесе бiр жарадан дене құртының түсуi. Бұл құрт таза болып, үстiндегi ылғалы аз және сұйықтық қасиетi болмаса дәреттi бұзбайды.
7) Жыныс мүшенi қолмен ұстау дәреттi бұзбайды. Пайғамбарымыздан (с.а.с.): «Еркектiк мүшеге қол тигiзген адамның дәрет алуы қажет пе? – деп сұрағанда, ол былай жауап берген: «Ол сенiң бiр бөлшегiң немесе бiр ет мүшең».[1] Әзiретi Әлидің (р.а.) осы жайында: «Мен оған, әлде мұрнымның жұмсақ бөлiгiне қол тигiздiм бе, есiмде жоқ»,- дегенi риуаят етiлген.[2] Шафиғилерде еркек немесе әйел өзiнiң не басқаның жыныс мүшесiн, не құйрығын жалаңаш қолымен ұстаса дәретi бұзылады. мәликилер және ханбалилерде де осылай. Бұларда тек әйелдiң өз жыныс мүшесiн ұстауы дәреттi бұзбайды. Бұған төмендегi хадис дәлел болады. «Еркектiк мүшесiне қолын тигiзген адам дәрет алғанға дейiн намаз оқымасын».[3] «Кiм қолын еркектiк мүшесiне жалаңаш тигiзсе, оның дәрет алуы қажет».[4] Бұл тақырыпта басым шариғат ғалымдарының сүйенген дәлелдерi едәуiр нақты болып табылады. Өйткенi ханафилер сүйенген Талха ибн Әлидің (р.а.) бiзге жеткiзген хадисiнің мәнiн жоғалтқаны, тiптi мансух болғаны, яғни жойылғаны айтылады.[5] Бiр жағынан жыныс мүшесiне қол тигiзуi арқылы мәзи деп аталатын сұйықтық шығып, дәреттi бұзуы ықтимал.
8) Ұйыған қан құсу.
9) Алма немесе айва сияқты тiстелген қатты жемiсте немесе қолданылған мисуакта көрiнiп, сұйықтығы бiлiнбеген қан.
10) Бүрге, кене, маса және қара шыбын сияқты жәндiктердiң бiреуiнiң тойғанға дейiн сорған қаны. Бірақ сүлiктiң тойғанына дейiн сорып болып, құлаған уақытта өзiнен ағатындай болған қан дәреттi бұзады.
11) Құйрықты басып отырып немесе намазда тік тұрып, ия болмаса рукуғ не сәжде халiнде ұйықтау.
12) Намаздан тыс не жаназа намазында, ия болмаса тиләуәт сәждесiнде қатты дауыстап күлу. Шафиғилердің көзқарасы бойынша намаз iшiнде қатты дауыстап күлу дәретті бұзбайды.
13) Өзiне де, қасындағыларға да естiлмейтiндей етiп күлу дәреттi де, намазды да бұзбайды. Алайда тек өзi еститiндей күлу дәреттi бұзбаса да намазды бұзады.
Шымкент қаласы орталық мешіті
17) Жылау дәреттi бұзбайды.
[1] Зайлаъи. Насб ар-Райа, І, 60; Шәукани, І, 198
[2] Зухайли. І, 278
[3] Ибн Ханбал. Муснад, IІ, 223; Зайлаъи. І, 54
[4] Бұхари. Илм, 53; Ас-Салаһ, 9;Әл-Хаж21; Әбу Дәуіт. Ат-Таһара, 69; Тирмизи. 61.
[5] Зухайли. І, 279