Дәреттi тоқтаусыз бұзатын дененiң мазасыздығы «үзiр» деп аталады. Бұл сөз көпше түрде «азар» деп қолданылады. Үзiрлi ер адамды «мазур», әйелдi «мазураһ» деп атайды.
Жиi-жиi мұрын қанауы, кіші дәретті ұстай алмау, iштiң тоқтаусыз өтуi, жел шығару, жарадан үздiксiз қан ағуы, iрiң шығуы, әйелдiң хайыз қанынан басқа жарылған жатыр тамырынан қан келуi (истихада) үзiр болады. Бiр аурудың себебінен көзден су ағуы, омырау, құлақ және кiндiк сияқты мүшелерден iрiң сияқты сұйық заттың шығуы да үзiр болады. Осындай нәрселерге тап болған адам «үзiрлi» деп аталады. Мысалы, бiр адамның мұрны бесiн намазынан екiнтi намазының уақытына дейiн дәрет алып намаз оқығанына шейiн, кейiн әр намаз уақытында кемiнде бiр рет қанап тұрса, үзiрлi болып есептеледi. Үзiрлi әр парыз намазы үшiн дәрет алады. Бұған:«Үзiрлi әйел (мустахада) әр намаз үшiн дәрет алады»,[1]– деген хадис дәлел болады. Басқа үзiрлiлер де осы үкiмнiң негiзiнде жүредi.
Парыз үшiн алған үзірлі дәретiмен қалағанынша парыз не нәпiл намаздарды оқи алады. Қаза, үтiр, айт және жаназа намаздары да осылардың қатарына жатады. Бiрақ бұл үзiрден басқа дәреттi бұзатын нәрсе болмауы шарт.
Таң намазы үшiн үзірлі дәрет алса, мерзiмi таң намазының уақыты шыққанға дейiн жалғасады. Дәреттiң мерзiмi күн шыққан соң аяқталады. Бұл дәретпен басқа намазды оқуға болмайды.Алайда үзiрi уақытынша тоқтаған кезде дәрет алса, үзiрi басталмай тұрып және дәреттi бұзатын басқа жағдай тумайынша намаз уақыты шықса да дәретi бұзылмайды.
Бiрақ үзірлі адам күн шыққаннан соң алған дәретімен бесiн намазының соңына дейiн дәрет бұзатын басқа жағдайлар болмаса қалаған намазын оқи алады. Өйткенi бесiн намазының уақытының кiруi дәреттi бұзбайды. Сондай-ақ, айт намазының уақытының шығуы да үзiрлiнiң дәретiн бұзбайды. Өйткенi бұл парыз намаздың уақыты емес.
Бұлай болу себебі үзiрлiнiң дәретi Әбу Ханифаның көзқарасына сәйкес үзірлінің дәреті намаз уақытының шығуымен бұзылады. Ал Әбу Юсуфтың көзқарасы бойынша әрi намаз уақытының кiруi, әрi шығуымен, сондай-ақ Имам Зуфардың көзқарасы бойынша тек намаз уақытының кiруiмен бұзылады.
Имам Шафиғидың көзқарасы бойынша үзiрлi әр намаз үшiн жаңадан дәрет алуы қажет. Оның дәретi намаздың аяқталуымен бұзылады.
Егер үзiрлiнiң үзiрi тоқтап, дәретiн басқа жағдай бұзып, жаңадан дәрет алып болғаннан кейiн үзiрi қайтадан пайда болса, дәретi бұзылады, жаңадан дәрет алуы қажет. Өйткенi алдыңғы дәреттiң бұл үзiрмен байланысы жоқ. Алайда үзiрi тоқтап, уақыт iшiнде үзiрiне және дәреттi бұзатын себепке байланысты дәрет алып болған соң, сол уақыт iшiнде үзiрi пайда болса, бұл дәретi бұзылмайды. Өйткенi бұл дәрет үзiрi және дәретiн бұзатын жағдай пайда болғандықтан алынған.
Үзiрлi адам отыру, сәжде етудiң орнына ишарат ету және үзiрдiң денедегi шығу жерiн қиыншылықсыз бекiту арқылы үзiрiн тоқтатса, үзiрлi болып есептелiнбейдi. Бұл адам дәрет алып, кейiн үзiрi пайда болған дәретiмен намаз оқи алмайды.
Үзiрлi адамның киiмiне үзiр жерiнен шығып тиген қан, iрiң секiлдi лас сулар үзiрi тоқтағанға дейiн намазына кедергi болмайды. Қатты нәжасаттың бiр дирхам үлкендiгiндей болуы, ал сұйықтықтың бiр алақандай жерге жайылуы да мәселенi өзгертпейдi. Алайда бұл лас заттар киiмiне қайта тимейтiн болса жуылуы қажет.[2]
Қорыта айтқанда, Ислам дiнi – жеңiлдiк дiнi. Үзiрлi адамдарға әр түрлi жеңiлдiктер берiлген. Намаз және т.б. ғибадаттарда да жеңiлдiктер көрсетiлген.
[1] Зәйлаъи. І, 204.
[2] Ибн әл-Һумам. І, 124; Ибн Абидин. І, 139, 281-283; Шурунбулали. Марақи-л-Фалах, 25;Зухайли. І, 288.
Шымкент қаласы орталық мешіті