Бүгін,  ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы аясында Шымкент орталық мешітінде  «Ислам тарихы: Әділетті төрт халифа дәуірі» атты рухани танымдық діни семинары ұйымдастырылды.

Жоғары деңгейде ұйымдастырылған семинарға ҚМДБ-ның Стратегиялық талдау және даму бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі,  дінтанушы-ғалым Смайыл Сүйерқұлұлы  Сейтбеков арнайы қатысып, «Ислам тарихы: Әділетті төрт халифа дәуірі» тақырыбы бойынша имамдарға дәріс оқыды.

Дәріс барысында  әділетті төрт халифаның өмірі жолы мен түрлі кереғар ағымдардың шығу тарихы сынды өзекті тақырыптар төңірегінде өрбіді. Өте қызықты һәм тартымды өткен семинарды қатысушылар тапжылмай тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарының жауабын алды.

Семинар барысында Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мәртебелі ұстаздарға алғысын айтып, ризалық білдірді.

Айта кетсек, рухани семинар қатысушыларына сертификат  табысталды.

 ҚМДБ-ның Шымкент қаласы  бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38