Шымкент қаласының Қайтпас елдімекенінде орналасқан «Қасірет» мемориалында, 31 мамыр – ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасы болып өтті.
Шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің игі бастамасымен қала мешіттерінде жұма намазынан кейін арнайы қасиетті хатым Құран тіләует етілді.
Мұнымен қатар, қала әкімдігінің ұйытқы болуымен «Қасірет» мемориалында өткен еске алу шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов, қала бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміров, Қазыбек Сарыбаев және қала имамдары уағыз-насихат айтылып, шара соңында дұға жасалды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі