2017 жылдың 30 маусым күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Шардара қаласындағы «Әбу Мансур әл – Матуриди мешітінің жамағатымен «Ислам дінінің атын жамылған діни деструктивті ағымдар», – тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде Н. Үсіпбек жиналған жамағатқа бүгінгі таңда діни экстремизм, терроризм, секта, лаңкестік топтардың қоғамға тигізер зардабы мен кері әсері туралы түсінік бере келе, дәстүрлі Ислам дінінің маңыздылығын айтып өтті. Мешіт имамы Н. Шәдекұлы кереғар діни ағымдардың құрылу тарихы мен жастарды өздеріне баулу әрекеттері жайлы айтып, дін мәселесінде мұқият болуын және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымы имам Ағзам Әбу Ханифа мазһабы, сенімде Матуриди ақидасын ұстанатынын түсіндіріп өтті. Ең маңыздысы жастарымыз діни сауатты болса кереғар діни ағымдардың жетегінде кетпей, өмірге дұрыс көзқарасын қалыптастыра алатынын жеткізді. дін мен дәстүрдің сабақтастығы жөнінде, қазақ халқының салт – дәстүрге берік болғандығын, асыл дінге деген құрмет те өте жоғары екендігін атап өтті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.