IMG 118

IMG 118

Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің жанынан құрылған «Әйел-қыздар» секторы, «Зекет» қоры және Жастар ісі бөлімінің ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесінің құрметіне орай «Құраным менің – жұмағым!» атты 3 мешіттің қыздар шәкірттері арасында жарыс болып өтті. Жарыс бағдарламасы: Құранның қысқа сүрелерінен және Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін, 40 парызды жатқа мағынасымен айтудан болды. Жарысқа ОҚО бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әбиева Еңлік ұстаз Түркістан қаласы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Гүлсінай Темірқұлқызы, Орталық мешіт ұстазы Зүлфия Моллатілеуқызы, «Ынтымақ» мешітінің ұстазы Зүлфия Полатқызы, «Ықылас» мешітінің ұстазы Гүлжан Жүсіпқызы, Түркістан өңірі бойынша «Зекет» қорының және Жастар ісі бөлімінің жетекшісі имам Жүсіпбек Айдарбекұлы , «Тұран-Түркістан» телеарнасы, «Салиқалы әжелер» мектебі және шәкірттер қатысты. Алғашқы құттықтау сөзді «Зекет» қорының және Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Жүсіпбек Айдарбекұлы алып, Ораза айтпен және жарысқа қатысушы түлектерге сәттілік тілесе, ОҚО бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әбиева Еңлік ұстаз арнайы құттықтауымен уағыз айтып, көпшілікті рухани мәні зор уағызға сусындатты. Ары қарай жарыс болып 3 мешіттен өзара сайыстардан оза шауып, жүзден жүйрік шыққан 9 шәкірт қатысты. Атап айтар болсақ «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешіті, «Ықылас» мешіті, «Ынтымақ» мешіттерінің шәкірттері өз білімдерін сынады. Топтан оза шауып, өзінің білімділігімен, алғырлығымен І орын алған, «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің шәкірті Шамсиддинқызы Сыдиха, ІІ орынды «Ықылас» мешітінің шәкірті Исаханова Севинч алса, ІІІ орынды «Ынтымақ» мешітінің шәкірті Ташполатова Махсуда алды. Жарысқа ОҚО бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Әбиева Еңлік ұстаз бас төрелік етсе, Түркістан қаласы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Гүлсінай Темірқұлқызы және «Ынтымақ» мешітінің ұстазы Зүлфия Полатқызы төрелік етті.
Жеңімпаз шәкірттерге арнайы Алғыс хатпен марапаттап, бағалы сыйлықтар, кітаптар, ақшалай І орынға – 20000 теңге, ІІ орынға – 15000 теңге, ІІІ орынға – 10000 теңгеден берілді. Топтан ерекше көзге түскен 3 шәкіртке бағалы сыйлықтар, кітаптар, алғыс хаттар берілсе, жалпы қатысқан 3 шәкіртке арнайы ынталандыру сыйлықтар, кітаптар мен алғыс хаттар берілді. Шара барысында түрлі илаһи әндер айтылып, қара сөздер, монологтар оқылды. Көрермендерге түрлі тақырыптарда сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге арнайы кітаптармен сыйлықтар берілді. Шара соңында естелікке арнайы өкілдік жетекшілеріне, Түркістан қаласының ұстаздарына алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтар беріліп, дастархан жайылды. Жалпы қатысушылар өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын жеткізді.

ҚМДБ ОҚО Түркістан қаласы бойынша баспасөз бөлімі

 

IMG 116

IMG 117

IMG 118

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38