Бүгін Мақтарал ауданында ерекше оқиға орын алды. Мақтарал ауданы, Иіржар ауылдық округінің тұрғыны, 1985 жылы туылған Мешряков Витя деген орыс ұлты азаматы Мақтарал ауданы, Дихан ауылында орналасқан «Елмұратбай» мешітінде Ислам дінін қабылдады. Ең әуелі мешіт имамы Абдувахапов Ахметжан Ислам дінінің мәні мен маңызын, Алла алдында ең соңғы ақиқат діні екендігін, ақли және нақли дәлелдермен мысал келтіріп өтті. Сонан соң ауыл тұрғындары және мешіт жамағаты алдында Иман кәлимасын айтып, сүннетке отырғызылып, мұсылман болды. Мешряков Витяның Ислам дінін қабылдауына себепкер ауыл имамы Абдувахапов Ахметжан, ауданымызға танымал қари Бухраев Хуснидин Әкбарұлы және ауылдың намазхан жамағаты. Оған Уалихан деп ат қойылды. Осындай қуаныш барысында Мешіт тарапынан Ислами құндылықтарды дәріптейтін діни кітаптар сыйға тарту етіліп, мұсылман достары тарапынан мешітте ас берілді.
МАҚТАРАЛ АУДАНДЫҚ «НҰҒМАН» МЕШІТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ