Шымкент қаласы  Абай   аудандық Дін Ислам мешітінде  әйел-қыздарға арналған Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан сайыс өтті. Мешітіміздің бас имамы Азимбаев Айбек алғы сөзді айтып кешімізді ашып берді. Сайыста  қатысушылар 3-кезеңнен жатқа айту, мағынасын ашу, жалғастыру бойынша өзара бақ сынасты. Жарысымызға төрелік ретінде әділқазы алқасына қаламыздағы Исамиддин баба мешітінің ұстазы Сыдықова Гүлжан мен Жанқожа мешітінің ұстазы Әметхан Ұлтуған келіп шәкірттерге өз насихаттарын жеткізді. Сайысқа қатысып жүлделі орындарға ие болған                   1 орын Ахметова Нұржамал 50.000
2 орын Ерсалы Айдана 30.000
3 орын Ақбердіқызы Арай 20.000 қаржылай сыйлықпен марапатталды. Қалған қатысушыларға орамалдар және басқада сыйлықтар үлестірілді

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38