Шымкент қаласы орталық Ақмешіт мешітінің әйел-қыздар бөлімінде ұстаздардың және мешіт белсенділерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық дастарханы жайылды. Жамағат алып жатқан білімдеріне, жасап жатқан амалдарына, Алланың берген рищығына шүкіршілік білдіріп қазан асып ас таратты.
Ас үстінде осы мешіт ұстаздары Досжанова Балжан және Түзелова Ақжарқын ұстаздардың жүргізуімен уағыз насихаттар айтылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі