Бүгін ҚМДБ-ның «Ізгі қоғам» бағыты мен «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында  Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен бар ғұмырын асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосқан, имам, ұстаз бірнеше облыстың бас имамы және ҚМДБ найб мүфтиі қызметтерін абыроймен атқарған бүгінде марқұм Әміре  Алиайдар қажы Төлжанұлын еске алуға арналған рухани шарасы өтті.       

Жарысты «Әл-Біләл қарилар дайындау» орталығының шәкірті Құранмен ашты. «Бибісара ана» мешітінің имамы Анарбаев Самат жиынды жүргізіп, бедгілі ақын Қажымұқан Абзалов имам Алиайдар қажы Төлжанұлына арнаған арнауын көпшілікке оқып берді.

Жиын басында, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы сөз сөйлеп, марқұм имам Алиайдар қажының асыл дінімізге еткен еңбектерін айта келіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ, марқұм ұстазымыздың өмірлік жолдасы Абдсадыққызы Бақытгүлге қазақи дәстүрмен шапан жауып, ақ орамал табыстап гүл шоқтарын сыйлады.

Әділ қазылар алқасы: РАНТ мүшесі, «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінің имамы Есенгелдиев Ералы, Шымкент қалалық орталық «Ақмешіт» орталық мешіттің ұстазы Мамедалиев Нұрсұлтан,  «Әл-Біләл қарилар дайындау» орталығының ұстазы Әшімжан Абдусамат төрелік етті. Жарысқа қала бойынша мешіттерден 35 дін қызметкерлері қатысып, жеңімпаз болған үш адамға арнайы жүлделер табысталды. Жалпы, қатысқан барлық дін қызметкерлеріне алғыс хат берілді. Азан жарысының жүлдегерлері:

1-орын: Еңбекші ауданынан «Қарабастау» мешітінің ұстазы Қалкөзов Асылтемір УМРА қажылығына жолдаманың иегері болды.

2-орын: Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің наиб имамы Досумбаев Ержігіт 100 мың теңге қаржылай сыйлық.

3-орын: Абай ауданынан «Насрулла» мешітінің имамы Ерімбет Нұрғали. 70 мың теңге қаржылай сыйлық.

Жиын соңында, қалалық «Тәртіптік кеңес» жетекшісі, «Ислам нұры» мешітінің имамы Бекайдар қажы Төлжанұлы, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің имамы Ахметжан қажы Керімбек сөз сөйлеп жиналған көпшілікке марқұм Алиайдар қажы Төлжанұлының ғибратты ғұмырнамасын таныстырды. Жарыс соңында көпшілікке арнап дастарқан жайылып, медресе шәкірттері хатым Құран оқып,  сауабын марқұм Алиайдар қажы Төлжанұлы марқұмға бағыштап, артында қалған ұрпақтарына амандық тіледі.

Айта кетсек, «Ізгі қоғам» бағыты бойынша Убайдулла Тәжіметов, Зейнулла Ахмедов, Мухибулла Моджаев сынды асыл дінімізге еңбек сіңірген имамдарымызды еске алу шаралары өткізілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38