Шымкент қаласы орталық мешітке қарасты,  «SAFA»  ханымдар орталығында,  «Жамағатпен қасиетті Меккеге сапар» атты рухани кеш өтті. Бұл кеште білім сайысының нәтижесінде бас жүлдеге Умраға жолдама алып,  Умра сапарынан келген шәкіртіміз қонаққа шақырылды. Дана және Жанар шәкіртіміз өздерінің қасиетті сапары жайлы бөлісіп, жамағатқа зәм-зәм суын ұсынды. Сонымен қоса Құранға түскен шәкірттерге тәж кигізілді.
Алдағы уақытта жамағат арасында тағы да,  «Білім ал да- Умра ұтып ал» марафонының да жалғасы күтілуде.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38