Шымкент қаласы Абай ауданы Дін-Ислам мешітінің әйел-қыздар бөлімінде Құран Кәрім әліппесін бітіріп Құран Кәрімді ережесіне сай оқи алатын дәрежеге жеткен шәкірттерді марапаттап тәжі кигізу кеші өтті. Бұл кеш Қасиетті кітабымыз Құран Кәрімнің оқылуымен және осы мешіттің бас имамы …. және «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Досжанова Балжан ұстаздың алғы сөздерімен басталды.
Кеш Құран жайлы монолог пен жалғасты. Осы мешіт шәкірттері «Құранға деген махаббатыңды қалай білдіресің?» үй тапсырмасы арқылы өнерлерін паш етті. Бұл тапсырма бойынша Назмина қызымыз Құран кітабының тысын қолдан тоқып әсемдеп әкелді, Жасмина қызымыз сурет салып, Зилола және Еркежан қыздарымыз Құран бейнеленген тәтті бәліш (торт) пісіріп, Фариза қызымыз бейнетаспа даярлап, Саёра қызымыз «Құранға махаббат» атты өлең шығарып, Балжан қызымыз «Құран және ғылым» тақырыбында слайт дайындаған.
Осы кешке арнайы «Ықылас» қарилер орталығының ұстаздары қари-хафиз Айгүл Маканова ұстаз және қари-хафиз Зейнеп Сүйінбай ұстаздар келіп Құранды оқудың арықшылығы және оңай жаттаудың жолдары жайлы уағыздарын айтты.
Кеш соңында Құран әліппесін бітірген шәкірттерге салтанатты түрде тәжі кигізіліп, сыйлықтары берілді.