Шымкент қаласы, Қаратау ауданы орталық “ Байғұт баба” мешітінде
“Иманыңды қуатта” атты 3 айлық Діни сауат ашу курсы 9.09.23-09.12.23 аралығында 5 сабақ бойынша өткен болатын. Курсы аталмыш мешіттің ұстазы Гүлжан Нұрланқызы өткізді. Аталмыш курсқа 130 шәкірт тіркеліп соның 100 – і 3 ай бойы тұрақтылық танытып, соның 65-і Емтиханға өтті. Емтиханды бастар алдын, Аудандық мешіттің найб имамы Ербол Қалшабек Қасиетті құранмен бастады.
Қала имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы мен аудан имамы Дастан қажы Сүлейұлының құттықтауларын жеткізіп, шәкірттерге сәттілік тіледі. Ықыласты Апалар мен қыз-келіншектер бойына сіңірген білімдерін сынап, сұрақтарға жауап беріп, білімдерін бір шыңдап алды.
Нұрланқызы Гулжан ұстазымызға Алла разы болсын.
Алдағы уақытта да білім алуды тоқтатпай , ілімдері артып, Алланың сүйікті құлы болсын деп дұға етеміз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38