«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының филиалы Шымкент қаласы, Еңбекші ауданындағы «Қарабастау» мешітінде бір пара және жарты пара бойынша «ҚҰРАН – ЖҮРЕК ТЫНЫШТЫҒЫ» атты Құран жарысы өтті.

Жарысқа алыс жақыннан қонақтар шақырылып ас берілді.

Сауапты іс шарамызды Шымкент қаласы Бас имамының орынбасары Мұхаммеджан Естеміров және Қарабастау елді мекенінің Ақсақалдар алқасының төрағасы Бақыт қажы Досанұлы ағамыз ашса, Ықылас қарилар дайындау орталығының директоры Ықыласхан қари Майланұлы, Еңбекші аудандық Исамиддин баба мешітінің ұстазы Абдурохим қари Абдуакимұлы және Астана қаласы, Қаумиддин Әл-Итқани Әл- Фараби Әт-Түркістани Құран жаттау орталығының ұстазы Турсунов Абдулгоффар қари Турсунов қазылық етті.

Жарысқа Еңбекші ауданы көлеміндегі мешіттерде дәріс алып жүрген 44 шәкірт қатысып, төмендегі аты аталған азаматтар жүлделі орынға ие болды.
Орын ала алмаған қатысушыларға ынталандыру сыйлығы берілді.

1 пара бойынша жүлделі орынға ие болғандар:

1-орын
Екия Ислам Мұратбекұлы
Смайл ата мешітінің шәкірті.

2-орын
Бахыт Альмансұр Жақсылықұлы
Қарабастау мешітінің шәкірті.

3-орын
Дүйсенбай Ернар Зиядинұлы
Тура жол мешітінің шәкірті.

Жарты пара бойынша жүлделі орынға ие болғандар:

1-орын
Шамислимов Мухаммад
«Нарынбай ата» мешітінің шәкірті.

2-орын
Валиханов Рустамжан Нажимұлы
«Нарынбай ата» мешітінің шәкірті.

3-орын
Ниязов Мұхаммеджан Ділмұратұлы
Исамиддин баба мешітінің шәкірті.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38