Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде «Құран жүрегімнің көктемі»  атты рухани шара өтті.
Қождан ата мешіті әйелдер бөлімінде Құран әліппесін аяқтаған шәкірттеді және таджуид курсын аяқтаған шәкірттеді марапаттау мақсатында «Құран жүрегімнің көктемі» атты рухани кеш өткізілді.
Кеш барысында Құран әліппесін аяқтаған шәкірттерге қасиетті Құран Кәрім кітабы сыйға тартылып, шейх Айман Сувейдтің «Көрнекі таджуид»  кітабы негізінде өткен 2 айлық таджуид курсын аяқтаған шәкірттерге сертификат табысталды.
Келген қонақтарды Алланың қасиетті кәләміне қызықтыру мақсатында ғибратты көріністер қойылып, шәкірттер тарапынан түсірілген видеороликтер көрсетілді.
Шара соңында Құран хатым дұғасы оқылып, берекелі дастархан жайылды.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38