Шымкент қаласы Қаратау ауданы Байғұт баба мешіті және осы мешіт жанынан ашылған @furqan_club жастарды оқуға белсендіру тобының ұйымдастыруымен бойжеткендер арасында «Әлеміне әдебі сай бойжеткен» атты топтық сайыс өтті.
Сайыс төрт топ арасында төрт кезеңдік жарыспен жол жүрді.
Бұл кезеңдер 1. Таныстыру
2. Үй тапсырмасы
3. «Асыл аналар» кітабы бойынша көрініс көрсету
4. «Асыл аналар» кітабы бойынша сұрақтарға жауап беру
Таны тыру кезеңінде бойжеткендер өз тобының атын, топ мүшелерінің атын, киімдерін және топтың логотипін таныстырды.
Екінші кезеңдегі үй тапсырмасына қой етінен қонақ асын пісіріп әкеліп, оның қай мүшесі қай қонаққа ұсынылатынын түсіндірді.
Үшінші кезеңдегі көріністің себебімен бойжеткендер өздерінің барлық әртістік шеберліктерін ортаға паш етті.
Төртінші кезең кітап бойынша білімдерін дәлелдеді.
Сайыс нәтижесінде топтардың төртеуі де бірінен өткен бірі өнерлі екендігі белгілі болды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38