Әрбір Мұсылман халықтың міндеті жетімін жылатпау,жесірін қаңғыртпау.Сондықтан да Исламда дінімізде бұл мәселеге ерекше мән берген .Халқымыз жетімін жылатпай,жесірін ұаңғыртпай,оларға қарайласа жүрген жанашыр халық болған.Бұл жақсы әдет-халқымыз мұсылмандықты берік ұстанғанның белгісі.Құран кәрімде осы мәселеге қатысты бірнеше аяттар келген.Аяттардың бірінде Алла Тағала жетімдерге қарайласу жайлы:»Сенен жетімдер туралы да сұрайды.»Оларға:Оларды түзету жақсы»,деп айт.Егер олармен аралассаңдар ,онда олар-бауырларың.Алла бұзықтық жасаушыны да,түзетушіні де біледі»,-деген(«Бақара»сүресі,220-аят) Жетімдерге қарайласа жүруде жақсылық пен береке бар.
Дана бабаларымыз:
Айтайын баяғыдан біраз кеңес,
Жақсы адам жетімнің хақын жемес,-деген.Осы аятта жетімдерге қарайласатын жандарды да жетімдерге қиянат жасайтын адамдарды да Алла жақсы білетінін,бақылап тұрғанын ескертуде.Яғни ол жетімді қорлама,кемсітпе,ақысын жеме.Сұраушы,яғни мұқтаждығы себепті жетім бола ма,жесір бола ма,көмек сұрап келген кезде,мұсылман кісі шамасына қарай берсін,болмаса жақсы қарым қатынас жасау керек.Оған зеку, дөрекілік көрсетуге болмайды.Кем дегенде жетімнің басын сипаудың өзі Пайғамбарымыздан қалған сүннет.Жетімнің басын сипағанда қолымыз неше шаш талшығына тисе,сонша періште ол адамға салауат айтып тұрады.Жетімге пана болу, жәннәтта Пайғамбармен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)көрші болу мүмкіндігі беріледі.Дана бабаларымыз дінімізді берік ұстана білген жетім- жесірлерге қарайласуды парыз деп есептеп,оларды аманат деп білген.Оларға әрқашан шын көңілмен қамқорлық еткен.Жетімдер үйі мүлдем болмаған.Өйткені оған қажеттілік болмамаған.Бірақ,қазіргі таңда елімізде тастанды балалардың саны күн сайын өсуі,олардың ұиын жағдайы кешегі жетімін жылатпаған,жесірін қаңыратпаған бабалардың ата жолынан алшақтағанын көрсетеді.Ата жолын қумағанын көрсетеді.Бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін, ата-бабамыз берік ұстанған асыл дінімізге түгелдей қайтуымыз керек оны өте жақсы деңгейде үйренуіміз,әрі оны бекем ұстануымыз қажет.Сонда ғана тастанды бала,қаңыраған жетім-жесірдің болмасы анық.
Уа Алла!Бізге жетімдердің ақысын лайықты түрде беріп,Пайғамбарымыздың көршісі болуымызды нәсіп ете гөр!
Абай ауданы » Үсіпбай ата» мешітінің имамы: Қожагелдиев Н.