Аса мейірімді , рақымды Алланың атымен !
Барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән . Адамзаттың асылы Мұхаммедке , оның отбасы мен сахабаларына салауат пен сәлемдер болғай !
Исламда адамдардың көкірегі ояу ,білімді болуын қалайды . Өиткені білімді адам тура жолды таба алады . Өзінің жаратушысын таниды , міндеттер мен жауапкершіліктерді сезінеді . Сондықтан ұлы жаратушы Алла т. бізді әрқашан білім алуға ,өз біліктілігімізді арттыруға және онымен ізгі амалдар жасауды әмір етеді. Дегенмен қателік жасау , күнаға бату адамзаттың негізінде бар нәрсе ,кеиде біліп немесе білмей қателікке жол беріп жаратқанның алдында айыпты болады . Бірақ жақсылық пен жамандық тек Алланың қалауымен .
Сол күнә орын алғанда адамдар бірнеше топқа болінеді ,бір топ адамдар мұндай қателіктің күәсі болса қателесүшілерге жанашырлық , бауырлық танытып оларды жақсылыққа шақырып жамандықтан қайтарады . Ал басқа бір топтағылар қателескен пенделерді тура жолға насихаттамай керісінше жақсылық жолын жауып жамандықтың есігін ашып өздерін де өзгені де залалатқа кіргізеді . Мұны Әбү Хурайра ( р. а .) жеткізген хадистен көрсек болады : Пайғамбар .с . ғ.с былай дейді : « Кім бір хидаятқа шақырса , оған өзіне ілескендердің ажырынша ажр болады . Ал бұл олардың ажырларынан ештеңені кемітпейді . Кім бір залалатқа шақырса , оған өзіне ілескендердің күнәларынша күнә болады . Ал бұл олардың күнәларынан ешбір нәрсені кемітпейді « . Және бір топ бар олар адамдарды жақсылыққа да жамандыққа да шақырмайды.
Бірақ ислам діні әрбір мұсылманға мына бір жалған өмірде қолдан келгенше жақсы амал жасауды міндеттейді . Қурьанда (Тәубе сур 71аят ) « Иман еткен ерлер мен әйелдер бір бірінің қамқоршы достары .Олар адамдарды жақсылыққа шақырып , жамандықтан тыюмен болады » , және басқа бір аятта (Әли Имран сур 110 аят) « Сендер (Раббыларыңның қалауымен) адамдардың арасынан шыққан жақсылыққа шақырып , жамандықтан тыятын , Аллаға сенген қайырлы үмбет болдыңдар « делінген.
Әлбетте әрбіріміз өзімізді » мен де мұсылманмын , мен де пайғамбардың .үмметімін ’’ дейміз , бірақ біз оған лайықпыз ба , асыл дініміз жүктеген міндеттерді қай дәрежеде орындап жүрміз , аятта баяндалғандай сипаттар бойымыздан табылады ма әлде нәпсіміздің қулы болып өз надандығымызбен , ілімсіздігімізбен өз жануямызға , бауырларымызға , қоғамға пайдасыз бір жаратылыс болып жүрміз бе ?
Бүгінгі таң жаңа технологиялардың даму таңы ,әрине ол өзінің әсерін қоғамға да тигізүде , ал дін қоғамның айырылмас бөлігі . Интернетке болған қажеттілік күн сайын артуда. Нәтижеде , хабар және коммуникация саласында үлкен өзгерістер пайда болуда . Интернет жалпы коммуникация әсерін өте жоғары деңгейге көтерді . Веб парақшаларына , сайттарға орналастырылған бір ғана хабар бір сәтте әлемнің түпкір – түпкіріне жетіп жатыр. Кейбір дамыған алпауыт мемлекеттер өзінің қару жарағын дамытумен бір қатарға ақпарат коммуникацмяларын да дамытуды жолға қойған . Бұл – саланың аса маңыздылығын көрсетеді . Интернетте дініміздің орны ерекше , себебі мемлекет турғындарының басым бөлігін мусылмандар құрайды . Әрбір адам баласы оны өз өміріне енгізіп те үлгірді . Өміріміз онсыз өтпеитін сияқты . Егер бұл саланы асыл дініміздің өсіп өркендеүіне өз біліктілігімізбен жоғары деңгейде дурыс пайдалана алсақ қоғамда туындап жатқан дін саласындағы түрлі тусінбеушіліктер мен келіспеушіліктердің алдын алар едік . Әлбетте надандар қорқпай сөилейді , бірақ әрбір сөздің есебі бар . Ақиреттен үміті бар адам үшін бұл тұста ойланар ой көп . Қажетсіз сайттар мен парақшаларды мемлекет тарапынан бақылауға алса жаманның беті қайтып , керісінше тіліміз бен дінімізді , салт дәстүрімізді , әдет ғұрпымызды сонымен қатар жастарды отансуйгіштікке , еңбексуйгіштікке , әділдік пен мәдениеттілікке насихаттауды жоғары деңгейге қоя білсек исламның әрбірімізге міндеттеген фарызы – өзінің жемісін көрсетеді деген ойдамын . Исламның жүктеген міндеттерін жаңа технологиялар арқылы жүзеге асыруды үйреніп жүйеге қойсақ қоғамның санасында қалыптасқан күнделікті тіршіліктеріне енген түрлі бузық көзқарастар мен амалдардың жойылуына себепкер боларымыз анық .
Ирбан ибн Сариядан ( р .а ). жеткен риуаятта Пайғамбар ( с. а.с) : « Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға көбірек пайда әкелгені “ , — деп жауап берген . Құрметті бауырлар қолымыздан келгенше жақсылықты насихаттап жамандықтан ескертіп үмметтің жақсыларынан болып мына жалғаннан өтүге ұмтылайық . Алла .т.баршамызға ізгілерден болуды нәсіп етсін .АМИН
Шымкент қ, Абай ауданы, «Жиделі» мешітінің имамы Қайрат Мухтарулы