Презент  тәрбиесі  парыз айн. Алланың бұйрығы. Бұл парызды орындасақ өлгеннен соң да тоқтамай арқамыздан барып тұратын сауапты іс. Бұл ең маңызды, ең қатерлі жауапты іс. Бұл істі тастап қойсақ соңы өінішті болады. Мұсылманды оң жақ, сол жақтан да азғырушыжолдан тайдырушы телефон, ютуб дейсіз ба? Құрбы құрдас, ортасы, түрлі фильмдер бар, солардың ішінде ақырын баспаса абайламаса адасады, өйткені әлсіз.

Осы интернетке қарсы тұра алатын нәрсе бар. Ол тәрбие, яғни перзент тәрбиесі.

Өлдің өштің болмас үшін перзент тәрбиесіне көңіл бөлсін.

Біреу айтуы мүмкін айтып тұрған мәселең дұрыс, бірақ жан жағымыз, ортамыз айныған, діннен ұзақ, түсініктерің европашыл боп кеткен. Біреуге насихат айтсаң балаңа айт, әйеліңе айт, байыңа айт дейді???

Қазіргілер осылай дейді. Ал біздің заманымызда үлкендерге сөз қайтарма! Тыңда деуші еді ғой?!

Қазіргі заман қиын!

Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтады: Сол бір заман келеді. Дінді шоқ ұстағандай боласың. Дінді ұстанған миы айныған, ал милары айныған адамдар ақыл есі дұрыс боп қалатын заман болады.

Қызыңызға етек жеңіңді дұрыстап жүр десең – жұмысың болмасын дейді? Түнделетіп жүрме десең, не жұмысың бар не керегі бар саған дейді?

Ия ақылы дұрыс емес боп көрінесіз? Сондай заманда өмір сүріп жатқан жоқпыз ба?

Сіз бақытты боласыз Егер перзентіңіз сіз қалағандай боп адам боп жетіліп шықса. Ұлыңыз, қызыңыз сіз айтқандай боп жетіліп шықса, көзіңіздің қуанышы емес па?  міне сол бақытты адам.

Алайда әке-шешесін ренжітіп, жаман достарды өзіне дос қылып, соларды өзіне үлгі қылып, ата-анасын сыйламаса, ол бала емес, бәле болады, жолы болмай адасқан болады.

Өзің ойлағандай баланы өсіру, тәрбиелеу өте ұзақ және қиын іс.

Мұсылман үшін карьерасынан да, дүниесінен де, машинасынан да ең бастысы маңызды бір іс бар. – ол баланың тәрбиесі.

Құрма ағашының жемісін жеу үшін 20-30 жыл күткендей, бір балаңыздың жемісін жеу ұзақ уақыт пейнет керек.

Бір қараса баласымектепке бара жатыр, әйтпесе келіп, бір қараса мектеп бітіріп жатыр. Мектепте қалай қарнын тойдырсам деп жүрдік, енді бұл баланы жоғалттық.

Кішкентай уақытында тастамай, жұмыс дей бермей, бала ұйықтап жатқанда кетіп, бала ұйықтап жатқанда келмей, балаңа деп уақыт бөлгеніңде өзіңе дос, кеңесші қылып тәрбиелегеніңде сен айтқандай бала болар еді.

Перзентіміз өміріміздің жалғасы, жемісіміз.

Қоғамда мықты, бизнесмен, академик, бай дәулетті, мансапты кісілер бар, бірақ олардың балалары өздері қалағандай болмаған себепті олар өздерін бақытсыз сезінеді.

Перзентіміз жас уақытында ата-анасының өзіне көп уақыт бөлуіне мұқтаж болады. Насихатқа, күніне, көп мұқтаж боп тұрады. Күніне 24, аптасына 138 сағат.

Осы сағаттардың  қайсы бірін бала-шағаға бөліп отырдық. Сұрақ қояйықшы.

Осылай уақыт бөлгенімде, ата-анасының перзент көз қуанышы болар еді. Алланың бұйрығын орындайтын перзент болса, көз қуанышы, адал кәсіп арқамыздан қалып дұға етіп тұратын ұрпақ қалып жатса, көз қуанышы емес па?

Енді не істеуіміз керек?

Көп әрекет етейік, жұмыс таппай ақ бала шақаммен, біз сұрап жатқан нәрсе, үлкен нәрсе, ұлы нәрсені сұрап жатырмыз.

Бала шағаға да жақсылық жасаудың нәтижесін тек ақыретте емес, бұл дүниеде де көрсетеді. Ақыретте де көресің?

Ал тәрбие бермеген болса бұл дүниеде ақыретте де аласы жазасын.

Алланың берген ең ұлы нығметі!

Алланың берген ең үлкен сыйы!

«Игілік істеушілерге осындай сыйлық береміз. Ибрахимге Исхақ, Яғқубты сыйлық қып бердік. Алланың берген ең үлкен сыйлығы». (Анғам 84.)

Перзентіміз өзіне жол көрсетуімізге, нәпақысын беруімізге, тағам мен киім беруімізге мұқтаж.

  • Нәпақысын беріп жатырмыз бірақ насихат етпей жатырмыз.
  • Бірінші тәрбие насихат, сосын нәпақысын берсек дұрыс болар еді.
  • Тек күйбең тіршілігін ойлаған, бизнесін ойлаған, тек өз құрметін ойлап жүрсек әке, уақыт өтеді, баласын жоғалтқанын кейін біледі.

Әке ой парасаты түсінігі бір жақта болмайынша басқа жақта неге? Өйткені баланың ақыл-парасаты өсіп жатқанда сен базарда, жұмыста болдың, тәрбиеге қарамадың.

Бауырым  насихатқа кел! Тыңда нәтиже шығар.

Бір-екі нәрсе естіп соны бала шағаңа тәрбие қылып үйрет.

  • (Намазғабұйр және сабыр ет) аят.

«Үй ішіңді намазға бұйыр жән өзіңе де оған көңіл бөл». (Тоһа 132).

Демек бағыт бағдар беріп жүруіміз Ата-ананың бала алдындағы міндеті.

Тарихқа назар салсақ Ұлжан анамыздың Абайға тәлім-тәрбиесі бағыт-бағдары осы бір Абай жолында да кездестіруге болады.

– Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күні күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Әкең дұшпан десе, сен әділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айрылма! – деді. (Абай жолы 74 бет)

Осы әңгіменің өзінде-ақ Ұлжан анамыз Абайға кешірімді, мейірімді болуға тәрбиелеп жатыр. Көрген жерде сәлеміңді бер деп, бірлікке, тыныштыққа шақыруда. Бұл Ұлжан анамыздың парасаттылығы. Көкжиегі кең адам екенін көрсетуде. Енді осы берген тәрбиесінің көрінісі, нәтижесі Қарқаралыда көрініс берді, тапты.

Абай Қарқаралыға келген соң:

– Бір пұшпаққа жақындап қалған екен дәл бұрыштан бұрылып, оған қарсы шыққан үш аттыға көзі түсті. Аңырап тұра қалды да, тез таныды. Келе жатқан Бөжей, Байсал, Байдалы екен.

Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша қып тағзыммен төсін басып қатты дауыстап:

  • Ассалаумағалейкум! – деп сәлем берді…
  • Уағалейкумассалам, балам! -деп Бөжей оң назарын салды білем, атының басын тежей беріп:
  • Балам жөніңді айтшы бізді көрсең, сәлем бер деп әкең айтып па еді, жоқ өздігіңмен істедің бе? – деді.
  • Бөжіке, әкем емес, өзім беріп тұрған сәлемім сізге!..

                                         (Абай жолы 88 бет. Алматы жазушы, 1990ж.)

 

Шымкент қаласы, Абай ауданы Файзулла молда мешітінің имамы Иманкулов Б.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38