IMG 1126

IMG 1126

Исі мұсылман әлемінің асыға күткен қасиеті Рамазан айына жетіп, ораза тұтуға, ізгі амалдар жасауға ниет етушілердің қатарында болғанымызға Аллаға шүкір.
Облыс аумағындағы ҚМДБ-на филиал 808 мешітте бір мезетте құптан намазынан кейін тарауих намазы оқыла бастады.
Облыстық бас мешітінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек құптан намазы кезінде барша жамағатты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Рамазан айына байланысты құттықтау сөзімен бастап, ораза тұту, ауыз-ашар, сәресін ішу, тарауих намазының 20 ракат етіп оқу, т.б. қасиеттеріне тоқталып өтті.
Сондай-ақ, биылғы жылы облыстық орталық мешітте тарауих намазы кезінде Құран хатым етуші Абдулазиз Бекайдарұлын көпшілікке тарыстырды. Мұнымен қатар, Түркиядан келген арнайы ұстаз Осман Өсташ мырзаны күндігі бесін мен асыр намазы кезінде жүзінен қарап, бір парадан хатым етілетіндігін атап өтті.
Айта кету керек, облыс аумағында бүгінгі таңда, 95 мешітте хатым құран оқыла бастады. Алла Тағала тұтқан оразаларымызды қабыл етсін, ұстаған жан!

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 1125

IMG 1126

IMG 1127

IMG 1128

IMG 1129

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий