Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен 2017 жылғы 23 мамыр күні Шардара қаласындағы «Абай» мәдениет сарайында «Жастар діни экстремизм мен терроризмге қарсы» тақырыбында іс – шара өткізілді. Іс – шараға қала және ауылдық округтердегі дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-түсіндіру топ мүшелері, білім беру мекемелеріндегі жастар мен №16 колледж студенттері қатысты.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Б. Алипов, аудан имамы А. Данияров, аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері Д. Қамшыбеков, армрестлингтен әлем чемпионы М. Шамеев, №16 колледждің арнайы пән оқытушысы Қанжігітова Айнұр және 2016 жылы Ақтөбе қаласындағы №6655 әскери бөлімшесінде қызмет атқара жүріп, террористермен қақтығыста ерлікпен қаза тапқан Көксу ауылының тұрғыны Досболов Сапардың анасы Құдабаева Жұлдыз Насырқызы сөз сөйлеп діни экстремизм мен терроризмнің қауіп-қатері мен зардаптары туралы айтып өтті. Іс – шараға қатысушылар аудандық мәдениет бөлімінің халық театрының күшімен қойылған діни экстремизм мен терроризмнің зардаптары туралы сахналық қойылымды тамашалады.
Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі.