IMG 1131

IMG 1131

Газетіміздің өткен санында Шардара орталық мешітінде бас қосқан ардагерлер жайлы сөз қозғаған болатынбыз. Ауданымызда тіркеуде тұрған қаншама мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлеріміз бар. Міне бүгінде сол жандар үшін аудандық орталық аурухананың терапия және хирургия бөлімдерінен бір – бір палата ашылды. Аудан имамы А. Данияров екі бөлмеге бірдей екі кілем сыйға тартты. Сондай – ақ кәсіпкерлердің қайырымдылығымен палаталарға теледидар, тамақ жылытатын қысқы толқынды пеш, мүгедек арбасы, т.б. да қажетті заттар қойылды. Сонымен қатар, орталық аурухананың хирургия бөлімінің бас дәрігері Қайрат Әзтаев пен терапия бөлімінің меңгерушісі Гүлнар Әбдірахманова мүмкіндігі шектеулі жандар мен ардагерлердің ем – домының уақтылы жасалуын қатаң қадағалайтынын айтты. Аудандық мүгедектер қоғамының төрағасы Қ. Ерназар жасап жатқан жақсылықтарыңыз бен игі тілектеріңіз Алладан қайтын. «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің», – деген сөз бар қазақта. Сіздердің жұмыстарыңыз алға баса берсін. Ешкім ауырмасын. Бүгінгі жасап жатқан көмектеріңізге ауданның бір топ мүгедектері атынан алғыс айтамын, – деді. Иә. Қайырымдылық – ең асыл қасиет. Ауданымызда өз кәсібін дөңгелетіп, пайдасын тек өз басына жаратпай осындай ауыз толтырып айтарлықтай қамқорлық жасайтын кәсіпкерлеріміз жетерлік. Бұл қуаныш аудан тұрғындары үшін жағымды жаңалық болары сөзсіз.

«Шартарап-Шарайна» газеті Айзада Сәрсенбаева.

 

IMG 1130

IMG 1131

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38