IMG 1035

IMG 1035

Он сегіз мың ғаламның иесі Алла тағалаға мақтаулар мен мадақтар, оның құлы әрі елшісі Мұхаммедке Алланың игілігі мен сәлемі болсын. Бүгін ҚМДБ, ОҚО, Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітіне қарасты Жылы су ауылдық округінде орналасқан «Сағындық ата» мешітінде мектеп жасындағы балалар арасында отызыншы парадан Қасиетті Құран жарысы болып өтті. Сайысқа арнайы ат басын тіреген ҚМДБ РАНТ мүшесі ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы, Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Сыздықов Бекзат, Мақтарал ауданы, Мақтарал ауылы, Қанайұлы Көбей мешітінің имамы Хадыршаев Абдулхафиз, Аудандық «Нұғман» мешітінің ұстазы Тухтаев Умид төрелік етті. Сөз басын РАНТ мүшесі Ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы балаға Құран үйретудің маңыздылығын, ата- ананың екі дүниеде де жақсылыққа бөленетіні жайлы уағыз жүргізіп, көрермен ретінде келген жамағаттың Құранға деген сүйіспеншілігін арттырса, аудандық «Нұғман» мешітінің бас имамы Бекзат Сыздықов Пайғамбарымыздың (с.а.с): «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйретіп, оны өзгеге үйреткендерің»- деген хадисімен сөз бастап, жарысқа қатысушы шәкірттерге дем берді. Жалпы, іс- шараға 40- тан астам мешіт шәкірттері қатысты. 2 сағатқа созылған сайыс соңында алғашқы 3 орын иелеріне және қалған шәкірттерге мешіт тарапынан алғыс хат және ынталандыру сыйлықтары табысталды. Жарыс аяқталғаннан кейін қатысушы көпшілік жамағатқа ас берілді. Алла тағала Қасиетті Құранға деген махаббатымызды арттырсын! Әмин!

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 1033

IMG 1034

IMG 1035

IMG 1036

IMG 1037

IMG 1038

IMG 1039

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38