Шардара қаласы «Әбу Мансур әл-Матуриди» мешітінің ұстазы, Шардара ауданы бойынша «Әйелдер – қыздар» секторының төрайымы Мұқтариятқызы Дәметхан әйел «Ана – жанұя ұйытқысы», – атты тақырыпта қыз – келіншектермен кездесу ұйымдастырды. Дәметхан ұстаз сөз кезегінде шаңырақтың үйлесімді дамуы мемлекеттің іргетасының берік болуына қызмет етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әр жылда халыққа арнайтын Жолдауында да отбасылық құндылықтарды сақтау, бала тәрбиесі мәселесін дәріптеу, ата – аналардың балаларын шынайы қамқорлыққа алу мәселелері тұрақты сөз болып келеді. Отбасы – Отанның ұйытқысы, қоғамның берік қорғаны. Ал, әйел негізінен үйдің сәні әрі үй – ішінің тірегі ретінде маңызды рөл атқаратын тұлға екені аян.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.