IMG 1041

IMG 1041

Төлеби ауданы имам молдалары аудандық «Нұр» мешітінде Елордамыз Астанадағы екінші рет «Бейбітшілік және келісім» сарайында «Ислам және өркениет» тақырыбына арналған ІІ Республикалық имамдар форумында қабылданған «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» Тұжырымдамасымен «Ханафи мәзһабы мен Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» атты құжаттарымен танысты.
Төлеби ауданы бас имамы Самат Сапарханұлы қабылданған құжаттар мен үндеудің маңыздылығын тарқатып аудан имамдарына түсіндірді. Аудан бас имамы сөзінде « Заманына қарай имам молдаларымыз жан жақты, тапсырылған талаптарға сай болу, тіпті Елбасымыз имамдардың абырой беделдерінің көтерілуін қалағандығы, осындай уақытында қабылданған құжаттар дініміздің өркендеуіне үлкен септігін тигізетіндігін» жеткізді.
Осы жиынды пайдалана отырып аудан имам молдаларына Жаназа рәсімдерінің бірізділігі, Қан тапсырып бауырыңа өмір сыйла, ел аумағындағы су тасқынынан зардап шеккендерге қайрымдылық жасалынуын, ардагерлерімізді ардақтау іс шарасын ұйымдастыру, Рамазан айына дайындалу, жазғы діни сауат ашу курстарының жұмыстары, т.б мәселелер қпысықталды.

Төлеби ауданы «Нұр»мешітінің баспасөз қызметі

IMG 1040

IMG 1041

IMG 1043

IMG 1044

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38