Шардара қаласы СПК «Хамит» селолық тұтыну кооперативінің қызметкерлерімен мәжіліс залында «Маңызды қос құжат», – атты кездесуге қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, аудан имамы А. Данияров, Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы, Шардара ауданы бойынша жастар өкілі Н. Шәдекұлы қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы А. Данияров сәуір айының 19 – жұлдызы күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және өркениет», – атты ІІ республикалық имамдар форумында «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы, «Ханафи мазхабы және Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы екі маңызды құжатқа тоқталып өтті.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.