ОҚО Төлеби аудандық «Нұр» мешітінде «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық қоғамдық шарасы ұйымдастырылды.
Аталмыш шараға Ұлы Отан Соғысы ардагерлері, ауыл ақсақалдары мен ауыл имамдары т.б. азаматтар қатысты. Аудан имамы Самат Анарбаев шара барысында елін, жерін қорғап, ерлік көрсеткен ата-әжелерімізге құрмет көрсетіп, өзінің ризашылығын білдірді.
Сондай-ақ, ардагерлерге арналған арнайы дастархан жайылып, шәйіт болған жауынгерлерінің рухына Қасиетті Құран тиләуат етілді.
Өз кезегінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен өткізіліп отырған игі шараға өз ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.
Мерекелік шара соңында барша ардагерлерге аудандық «Нұр» мешітінің тарапынан сый-сияпат үлестіріліп, таратылды.
Жеңіс мерекесі құтты болғай.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша баспасөз қызметі