IMG 1024

IMG 1024

Қасиетті жұма күні Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияровтың ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру», – атты мақаласын талқылау дөңгелек үстел болып өтті. Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т. Бердибеков, әжелер алқасының төрайымы Ж. Төлешова, қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ. Ілесов, қала имамдары және ардагерлермен ауыл билері БАҚ өкілдері қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы мақала атауындағы «Рухани жаңғыру» тіркесінің өзі руханият саласында жүрген біздерге ұлт болашағы үшін үлкен жауапкершілікті сезінуге шақырып тұрғандай. Шынында адам баласының мінез – құлқы мен сана – сезімі тез өзгеріске ұшырауда. Өйткені, өмір сүру заңдылықтары жылдам жаңғырып, бәсекелік күшейген кез. Алайда халқымыз бұл өзгеріс жолында Елбасы айтқандай «Егер жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды». Сондықтан біздің ел өз ұлттық құндылықтары мен рухани байлығынан нәр алып, заман ағымына ілесіп қана қоймай, көш бастай алатындығына нық сенуі қажет. Еліміздің тұрғындарының 70 пайыздан астамы – мұсылман қауымы. Олардың әрқайсысының өз дәстүрі, діни тұрғыда өз ұстанымдары бар. Үстіміздегі жылдың сәуір айының 19 – жұлдызы күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ислам және өркениет», – атты ІІ республикалық имамдар форумы болып өтті. ҚМДБ – ның арнайы әзірлген «ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы» тұжырымдамасы, «Ханафи мазхабы және Матуриди сенім мектебі – Қазақстандағы Исламның дәстүрлі жолы» ұстанымы маңызды тәлімдік құжаты қабылданды. Дөңгелек үстел барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының Т. Бердібеков, қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қ, Ілесов, әжелер алқасының төрайымы Ж. Төлешова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков және өзге ақсақалдар да пікірін ортаға салып, мақалада қамтылған мәселелердің маңыздылығын алға тартты. Жастар өкілі Н. Шәдекұлы уақытты тиімді пайдалана білген адам өмірден өзіне қажетін толық ала алады. Отбасы – әр адамның тәрбиелі болып өсуіне арналған алтын бесік. Сол бесікте тербелген бала болашақта елге елеулі, қатарына сыйлы, ата – анаға мақтаныш болып өсері анық. Сондай үйлерден өріп шыққан балалар өскен соң ұлтымыздың руханиятына өлшеусіз үлес қосады. Балам жақсы болсын деген әрбір ата – ана бала тәрбиесіне маңыз беріп, ондағы өз орнының қандай екенін білгені жөн. Баланың тәрбиесі ата – ананың еккен егінінің жемісі деді. Дөңгелек үстелді аудан имамы А. Данияров қорытындылап, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының Т. Бердібековті қасиетті Ережеп айында жаңа тағайындалған қызметіне береке тілеп, қазақтың дәстүрі бойынша иығына оқалы шапан жауып, ардагер ақсақалдарға және ауыл билеріне ҚМДБ – ның сараптау комсиссиясы мақұлдаған діни кітаптармен хикмет телестудиясы дайындаған уағыз – насихат дискілері таратылды. Жиын соңында имамдар жиынға қатысқан ел ағалары және ардагерлермен естелікке суретке түсті.


Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 1023

IMG 1024

IMG 1026

IMG 1027

IMG 1028

IMG 1029

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38