IMG 1016

IMG 1016

Қасиетті Шағбан айының құрметіне Шардара ауданы Алатау батыр ауылы «Алатау батыр» мешітінің бас имамы Алибек Умирзаков Шардара ауданы бойынша Жастар ісі өкілі Нұршәріп Шәдекұлының ұйымдастыруымен «Алатау батыр» мешітінде мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан ер балалар арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс болып өтті. Негізгі мақсат – жастардың Құранды жаттауға деген ықыласын арттыру. Себебі, Құран адамзат баласына ақ пен қараны айыратын кітап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) айтады «Сіздердің араларыңызда ең жақсыларыңыз Құранды үйреніп, үйреткендеріңіз», – дейді. Сайысқа 37 шәкірт қатысты. Бүгінгі сайыста қатысушылардың Құранды жатқа оқумен қатар, дыбыстарды қатесіз айтуы басты назарға алынды. Құран Кәрімді жатқа оқудан 1 парадан I – орынға Абылай Халмұрат лайық деп танылса, ал II – орынды Әділжан Мырзагелдиев ал IIІ – орынды Нұрлан Ақберен иемденді. Жарты парадан I – орынға Құдайберген Ерлан, II – орынды Сұлтан Мәулен және IIІ – орынға Қуанышбек Нұрымбек ие болды. Тұрсынбек Мақсат он сүреден I – орынға ие болса ал II және IIІ орындарды тиісінше Ескендір Руслан және Айнабеков Шарападин иемденді. Аудан имамы А. Данияров сынақтардан сүрінбей өткен жүлдеге ие болған шәкірттерді бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

IMG 1011

IMG 1012

IMG 1013

IMG 1014

IMG 1015

IMG 1016

IMG 1017

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38