IMG 929

IMG 929

Шымкент қаласы облыстық Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Абдікерімұлының ұйытқы болуымен «Құран жаттап қари болудың қыр-сырлары» атты семинары өтті.
Тұңғыш рет ұйымдасытырылып отырған кездесуге елімізге белгілі қари, хафиз Абдулазиз Төлжанов арнайы келіп, өңіріміздегі енді қарилық жолды таңдаған 65 жас қарилыққа үміткерлермен кездесу өткізді.
Кездесуді өткізудегі негізгі мақсат – жас қариларға қасиетті Құран жаттаудың сауабы мен жауапкершілігі және жаттаудың жеңіл жолдары туралы кеңінен насихаттау болып табылады.
Қари Абдулазиз Төлжанов өзінің шеберлік дәрісінде құран жаттау үшін мына қажетті шарттарға назар аудару керек екендігіне тоқталды. Атап айтқанда:
– Шынайы ниет. Құранды Алла разылығына бөлену үшін оқу керек, сонда Алла Тағала оқуыңызды оңайлатып, алған біліміңізді қайырлы етеді.
– Құранды ұқыпты ұстау. Құранды дәретпен ұстау керек. Жерге қоюға болмайды. Құран оқып отырған адамның киімі таза, әурет жерлері жабық болғаны абзал.
– Ыңғайлы орын таңдау.Бар ойыңызды оқуға бұру үшін тыныш, оңаша, ыңғайлы орын таңдаған абзал.
– Құранды жаттау жоспарын жасаңыз (мысал үшін күніне қанша аятты жаттауыңыз керек) және сол жоспарыңызды орындаңыз.
– Құранды күнделікті оқып, жаттап отырыңыз. Себебі аяттарды неғұрлым жиі оқысаңыз соғұрлым есте сақтау оңай болады. Апталап, айлап үзіліс жасамаңыз.
– Құранды жаттау жоспарын жасаңыз (мысал үшін күніне қанша аятты жаттауыңыз керек) және сол жоспарыңызды орындаңыз.
– Құранды күнделікті оқып, жаттап отырыңыз. Себебі аяттарды неғұрлым жиі оқысаңыз соғұрлым есте сақтау оңай болады. Апталап, айлап үзіліс жасамаңыз.
– Бұл істе бөгде ойлардың алаңдатпауын қадағалаңыз. Өзіңізді бөтен ойлардан аулақ ұстауға тырысыңыз.
– Аяттарды мағынасымен қосып есте сақтаңыз: аятты оқымас бұрын аудармасын оқып, жазылған сөздің мағынасын түсініңіз.
– Жаттар алдында өзіңіз жаттағыңыз келетін аяттың аудио нұсқасын тыңдаған жақсы. Бұл сізге аятты дұрыс оқып, дұрыс жаттауға көмектеседі.
– Сүрелерді дауысыңызды шығарып оқыңыз.
– Ең бастысы Алла Тағаладан Құранды жаттауда көмек, жеңілдік беруін сұраңыз», – деп кеңінен атап өтті қари Абдулазиз.
Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға кеңінен жауап беріп отырды.
Жалпы, тұңғыш ұйымдастырылған жара жоғары деңгеде болып өтті.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 927

IMG 928

IMG 929

IMG 930

IMG 933

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38