Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігінің «Есіктен есікке» бағдарламасы бойынша Шардара ауданында мобильді топ құрылып, екі күн бойына жұмыс жүргізді. Мобильдік топ мүшелері алғаш болып акцияны аудандық халыққа қызмет көрсету орталығынан бастады. Орталыққа мың – сан шаруамен келген халыққа жемқорлықтың қоғамға тигізетін зардабын кеңінен түсіндіріп, оның алдын алуға, сыбайлас жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін халық болып күресуге шақырды. Сыбайлас жемқорлықты жою, оның алдын алуға бағытталған кітап көрмесі де көпшілік назарына ұсынылып, мамандар тарапынан түсіндірілді. Арнайы парақшалар таратылды. Мобильдік топтың мүшесі, қалалық қоғамдастықтың төрағасы Қыстау Ілесов:
Біз бүгін тұрғындар ең көп шоғырланатын орын – халыққа қызмет көрсету орталығында жұртшылқпен кездесіп отырмыз. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы жаһандық бәсекеге қабілеттік»6 – атты Жолдауының 5 – ші басымдығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық фактілерінің алдын алу шараларын күшейту мен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез – келген көрінісіне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру жайлы мамандармен бірге түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Акцияны өткізудегі мақсаттың өзі – жемқорлықтың қоғамға тигізер зардабы мен оның жазасын әрбір тұрғынға жеке – жеке жеткізу, ұғындыру ғой. Кез келген қоғамның жегі құрты саналатын жемқорлық сияқты жат құбылысқа халықты қарсы тұруға үгіттедік, – деді. «Есіктен есікке» бағдарламасы бойынша құрылған мобильдік топ мүшелері мұнан соң аудандық орталық ауруханада, №1 М. Әуезов, Б. Соқпақбаев атындағы жалпы орта мектептерінде, Жаушықұм, Қ. Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу, Ұзын ата ауылдық округтерінде халықпен кездесу жұмыстарын жүргізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.