IMG 918

IMG 918

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өз хадисінде былай делінеді: «Сендердің ең жақсыларың – Құран оқығандарың және оны басқаға үйреткендерің» деген.
Қасиетті Құран Кәрімді жастардың санасына сіңіру һәм оның құлшылық екендігін түсіндіру мақсатында Шымкент қаласы «Айтбай ата-Ақмешіт» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ОҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен (1990 жылдары бұрын Бас мүфтидің орынбасары, Жамбыл және ОҚО өкілдіктерінің бас имамы қызметтерін атқарған) ұстаз, имам Әміреев Али-Айдар Төлжанұлының құрметіне облыстық Құран жарысы болып өтті.
Ұйымдастырылған шараға 6 мен 20 жас аралығындағы 170-ке тарта үміткер қатысты. Өңірдегі медреселер мен мешіттердегі діни сауат ашып жүрген шәкірттер киелі кітап сүрелерін жатқа, мазмұнын бұзбай айтуға тырысты.
Әділ қазылар құрамына сонау Мысыр Араб Республикасы, Әл-Азһар университетінің ұстаздары Махмуд Мухаммед Абдул Жаввад және Ниғматулла Ауад, Түркиядан келген ұстаз Осман Өсташ, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы Камалжан қары Садықов, «Шымкент» медресе колледжінің ұстазы Марибжан Ахметов, «Сарыағаш» медресе колледжінің ұстазы Бақытжан Жақиповтар төрелік етті.
Дүбірлі шараға арнайы ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі, дінтанушы Ерсін қары Әміре арнайы қатысып, қасиетті Құран жаттау және оның жолдары туралы тәлімдік уағыз айтып, жас қариларды жігерлендірді.
«Құран – Алланың сөзі. Ал, оны жаттап өскен жастың жаман әдеттен аулақ болатыны анық. Шүкіршілік, қазір дәл осы іске амал етушілердің қатары көбейіп келеді. Бұл игі шара соның бірден-бір айғағы. Бүгінгідей сайыстар өскелең ұрпақтың Құран оқуға деген құлшынысын арттырады. Сондықтан, бұл дәстүр алдағы уақытта өз жалғасын таппақ», – деді өңірдің бас имамы Ахматжан қажы Керімбек.
Жарыста бес пара бойынша бірінші орын иегері Сержанұлы Исламнұр, екінші орынға Мақан Айдын, үшінші орын Ығылман Мухамбет қариларымыз жүлделі орынға ие болды.
Жалпы, жоғары деңгейде ұйымдастырылған шара соңында барлық қатысушы қарилар марапатталып, қаржылай және заттай сыйлық табыс етілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

 

 

IMG 916

IMG 917

IMG 918

IMG 919

IMG 920

IMG 921

IMG 922

IMG 923

IMG 924

IMG 926

IMG 925

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38