IMG 908

IMG 908

ҚМДБ, ОҚО бойынша Өкілдігі, Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің «Әйел-қыздар» секторының ұстазы Зүлфия Моллатілеуқызының ұйымдастыруымен «Қасиетті үш ай және қасиетті кештері» және «әз-Наурыз» мерекесіне орай «Дінім – діңгегім, салт-дәстүрім – тірегім!» тақырыбында «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінде «Әжелер мектебімен» және Этнопедагогика колледж студенттерімен бірлескен рухани іс-шара болып өтті. Шараның мақсаты ұлттық дәстүрімізді дәріптеу, қоғамдағы теріс көзқарастарды жою, құндылықтарымызды насихаттау.
Іс-шараны әуелі Құран Кәріммен бастап, ары қарай құттықтау сөз кезегі Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлына берілді, сөз кезегінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің бастамасымен және ОҚО бойынша Өкіл имам Ахметжан қажы Керімбек ағаларымыздың тапсырмасымен құрылған «Әйел-қыздар» секторының, оның құрамына кіретін «Әжелер мектебінің», «Аналар мектебінің», «Келіндер мектебінің», «Қыздар мектептерінің» қоғамға берер пайдасы мен мақсаты туралы айтып, олардың Облыс деңгейінде жарыстарда жеткен жетістіктерін айтып, алғысын білдіріп, бас имам Омар қажы Елеуұлының құттықтауын жеткізді. Алда атқаратын шаралар туралы баяндап, сәттілік тіледі. Ары қарай Түркістан қалалық «Аналар» кеңесінің төрайымы Дүйсенкүл Жамбылова апай сөз алып, жылы лебізін білдірді.
Шара барысында ұлттық дәстүрлеріміз дәріптеліп, рухани көріністер көрсетіліп, өлең жырлар оқылды, уағыздар айтылды. Мешіт шәкірттері «Соқыр ана» көрінісін қойып, көпшілікті жылатса, Этнопедагогикалық колледж студенттері салт-дәстүріміз «Бастаңғы» қойылымын қойып, көрші ойынын ойнатты. Мешіт шәкірттері түрлі тақырыптарда арнаулар оқып, ұстаздар уағыздар айтып, дәстүр туралы сұрақтар қойылды, хадистер айтылып, олардың қазақы мақалға айналғандарын түсіндіріп берді.
Кеш соңында Зүлфия ұстаз Моллатілеуқызы барша қатысушыларға, жамағаттарға ыстық ықыласын білдіріп, өз алғысын айтты. Барша қатысушы 200-ден астам әйел жамағаттарға арнап Наурыз қайырымдылық дастарханы жайылып, наурыз көже таратылды.
Жиналған көпшілік атқарылып жатқан іс-шараның тәрбиелік мәні зор екендігін айтып, өз ризашылықтарын айтты.

ҚМДБ, ОҚО бойынша Өкілдігі, Түркістан қаласы орталық
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз бөлімі

 

IMG 900

IMG 901

IMG 902

IMG 903

IMG 904

IMG 905

IMG 906

IMG 907

IMG 908

IMG 909

IMG 910

IMG 911

IMG 912

IMG 913

IMG 914

IMG 915

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38