IMG 654

IMG 654

ОҚО Шымкент қаласы облыстық орталық мешіт жанындағы «Әйел-қыздар» секторының ұйытқы болуымен облыстық «Әжелер мектебі» тобы құрылды. Топ құрамына қажы апалар, көп балалы аналар мен мешітіміздің тұрақты намазхан әйелдері енгізілді. Жалпы, жаңа ашылған топтың құрамында 38 мүшесі бар.
Негізгі мақсат, діни сауат ашу курстарын дамыту, ұрпақ тәрбиесі, салт-дәстүрімізді насихаттау, қыздардың имани қасиеттерін дамыту, қазақи асхана мәзірлерін үйрету, қыздардың тұрмыс құрғанда не істеу керек, ене мен келіннің жолы, т.б. құндылықтар насихатталады.
Облыстық «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Е.Әбиеваның айтуынша жаңа құрылған топ алдағы жылы атқаратын жұмыс жоспарын әзірлеп, тұрақты жүйелі түрде жұмыс жасайтындығын атап өтті.
Аталмыш шара соңында барлық аналарға мерекелік дастархан жайылып, сый-сипат берілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

IMG 653

IMG 654

IMG 655

IMG 656

IMG 657

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38