ОҚО Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінің және аудан имамдарының ұйымдастыруымен «Аналарға құрмет – баршама міндет» шарасы ұйымдастырылды.
Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Кімде-кім ата-анасын риза қылса, онда ол Алланы разы қылғаны. Ал, кімде-кім ата-анасын ашуландырса, онда ол Алланы ашуландырды», – дейді. Ата-анамызды қандай да бір істе разы қылсақ, Алланың бізге разы болғаны. Бұл пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) уәдесі.
Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінің имамы Самат Анарбаев барша аналарымызды құттықтап, оларға мейірім шуағын жаудырды.
Сондай-ақ, ата-ананың мейірімі Алладан кейін тұрады, олар жәннәттың қақпалары, өмірдің берекеті, рызықтың себепкері, қабыл болатын дұғаның иесі дей келе, барша қатысушы аналарымызға сый-сияпат үлестіріп, арнайы ақ дастархан жайды.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі