IMG 649

IMG 649

Бүкіл әлем иесі Алла тағалаға сансыз мақтаулар мен мадақтар, оның құлы әрі елшісі Мұхаммедке Алланың игілігі мен сәлемі болсын дейміз. Қасиетті Құранда Алла тағала: «Алла өзіне ғана құлшылық жасауды әрі ата- анаға жақсылық жасауды бұйырды»- деген. Үміт оты болған Пайғамбар (с.а.с) келмей тұрып, әйел затын адам құрлы көрмей, тіпті отбасында қыз туылса оған намыстанып, тірідей көметін уақыттар болған. Алайда, ғаламның рақым нұры болған Мұхаммед (с.а.с) келіп, әйел затына ана деген ұлы атақты алып берді және өз өмірінде әйел затына деген құрметін көрсете білді. Жәннатқа жетелейтін жолдардың бірі болған анаға құрмет ешқашан да өз орнын жоғалтқан емес. Осыған орай Аудандық «Нұғман» мешіті және «Жастар ісі» бөлімі ұйымдастыруымен мешіттерде қызмет жасап жүрген қыз- келіншектер мен апайларға мерекелік шара болып өтті. Мешіттің мұмтаздай таза болып тұруына септігін тигізген ана- апайларға дастарқан жайылып, сый- құрмет көрсетілді. Мешіт және жастар тарапынан қаржылай сыйлықтар мен тәтті тоқаштар, бала тәрбиесі, отанға деген махаббат жөнінде кітаптар сыйға берілді. Әрбір ағарып атқан таңға Алла шүкір айтып, аналарымызды- апаларымызды құрмет тұтып, жақсылық жасауымыз әрбір мұсылман баласына міндет деп білеміз. Алла тағала барша ата- аналарымызды аман қылсын!
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 649

IMG 650

IMG 651

IMG 652

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38