IMG 648

IMG 648

Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінде ОҚО өкілдігінің тапсырмасына орай имам- молдаларға арналған 7 тәлімдік құжат және ҚМДБ ішкі тәртіп ережесі бойынша дәріс сабақтары басталып кетті. Әрбір дін қызметкері білуі тиіс болған бұл құжаттардың маңыздылығы, оны халыққа таныстырып, түсіндіру жолдарын үйретуде. Алғаш болып, семинар ашқан ауданымыздың бас имамы Сыздықов Бекзат бұл құжаттарды тек қана біліп қана қоймай, кітаптың ішінде жазылған (мысалы дін қызметкерінің этикасы) әрбір сөзге жіті мән беріп, соған ең әуелі имамның өзі амал ету керектігін айтты. Күні кеше де бұл семинар жалғасып, онда «мұсылманның тұлғалық бейнесі» атты еңбек талқыланды. Сонымен қатар Аудандық «Нұғман» мешітінің найб имамы, әрі жастар ісі бөлімінің жетекшісі Шаймерден Бағдат қазіргі таңда жас жеткіншектердің ғаламтор желісіне деген тәуелділігі жөнінде сөз қозғап, оның зияны мен пайдасы жөнінде, ата- аналардың балаларға деген тәлімі мен тәрбиесін күшейту керектігі жайлы толық ақпарат берді. Бұл семинар алдағы кезеңдерде жалғасын тауып, дін қызметкерлеріне толықтай жеткізілетініне сенім білдіреміз.
Аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 645

IMG 646

IMG 648

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38