Шардара ауданы Алатау батыр ауыл округі «С. Кәттебеков» атындағы жалпы орта мектептің жоғарғы сынып оқушыларымен «Сәлем сөздің анасы», – атты тақырыпта кездесуге мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Аудабаев, ауыл имамы А. Умирзаков, мектептің ювенальдық учаскелік инспекторы Ш. Ибадуллаев қатысты. Ауыл имамы А. Умирзаков сөз кезегінде сәлем алу, сәлем беру туралы қасиетті Құран Кәрімде «Қашан сендерге сәлем берілсе, одан жақсырақ немесе соның өзін қайтарыңдар. Шексіз Алла әр нәрседен есеп алушы», – дейді. Сондықтан сәлемдесу – адамдар арасындағы қарым – қатынасты жалғастырар ең басты тілдік құрал. Сонымен бірге оларға Алла Тағала де разы болып, күнә – қателіктерін кешіреді. Шариғатта шынайы сәлемдесудің осындай қырлары бар.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.