IMG 638

IMG 638

 

 

 

2017 жылдың 28 – ші ақпан күні аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Ұзын ата ауылдық округінде «Ұзын ата» мешітінде «Дін және мемлекет» тақырыбында семинар – кеңес болып өтті. Семинарға кала, ауыл имамдары, кала, ауыл әкімдіктерінің дін саласына жауапты мамандары қатысты. Семинар – кеңесте аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Әлібеков аудандағы қалыптасқан діни жағдай мен алдағы уақытта атқарылатын өзекті мәселелер жөнінде хабарлама жасады. Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров діни мәселелер бойынша түсінік беріп, ҚМДБ тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен хабардар етті. «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдекұлы семинарға қатысушыларға діни жайында жалпы түсінік беріп өтті. Семинар – кеңес барысында имамдар мен дін саласына жауапты мамандар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, әдістемелік кітапшалар таратылып берілді.
Шардара ауданы ішкі саясат бөлімінің баспасөз қызметі.

IMG 638

IMG 639

IMG 640

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38