IMG 634

IMG 634

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қалаcы Әл-Фараби ауданы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінің ұйытқы болуымен «Аналарымызды аялайық!» атты қайырымдылық кездесуі болып өтті.
Айтулы шараға, Шымкент қалаcы Әл-Фараби ауданы «Дәуітұлы Шыңғысбай қажы» мешітінің бас имамы Әділбай қажы Тойшиев мырза арнайы қатысып, қажы апаларымыз бен көп балалы аналарымызды құттықтады.
«Ана – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы. Мұхаммед пайғамбарымыздың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады. «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса», «Кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, бала соның өмірін ұзартады» деді Әділбай қажы Тойшиев.
Сондай-ақ, шара барысында барлық аналарға құны 30000 отыз мың теңгелік сыйлықтар үлестірілді.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

 

IMG 632

IMG 633

IMG 634

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38