Бүгін, Оңтүстік Қазақстан облыстық Жастар ісі бөлімінің өкілдері облыстық «Перинаталдық орталығы» перзентханасының дәрігерлері мен босанып жатқан аяулы аналардың көңілдеріне шуақ сыйлып, мерекемен құттықтады.
Мерекелік шараның басы-қасында облыстық жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбідкерімұлы бастаған топ мүшелерінің жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Шараны өткізудегі негізгі мақсат әйелдерге ана болудың артықшылығы мен асыл дініміз бұйырған амалдарыды түсіндіру. Сондай-ақ, перзенттің тәлім-тәрбесі, сәбиін дәретсіз емізбеу және бала емізу уақытының екі жыл екендігін түсіндіру сынды насихаттар айтылды.
Шара барысында 60-тан астам әйелдерге құрмет көрсетіп, сыйлықтар үлестірілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі